Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде ауыс-түйіс жасады

Кеңес құрамын президент Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен келісе отырып қалыптастырады.

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде ауыс-түйіс жасады
фото: ашық дереккөз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі бөлімдерінде ауыс-түйіс жасады, деп хабарлады paryz.kz, Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының шешімімен Русланбек Бекжігітов Қауіпсіздік кеңесінің қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен, Ерлан Абдақасов Қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген ақпаратта.

Олардың басқа жұмысқа ауысқаны айтылған. Елбасы шешімімен Бекжігітовтің орнына Расул Оразғұлов, ал Абдақасовтың орнына Данияр Есин келді. 

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі - ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында құрылған конституциялық орган. Ол ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізеді.

Қазақстанның тұңғыш президенті – елбасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Кеңес құрамын президент Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен келісе отырып қалыптастырады.