Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Мәжілісте жер сатуға тыйым салған заң жобасы қабылданды

"Мен қазақстандық жер шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл проблема төңірегіндегі алып-қашпа сөздерді тыю керек", - деді президент.

Мәжілісте жер сатуға тыйым салған заң жобасы қабылданды
фото: ашық дереккөз

Бүгін Мәжілісте Қазақстанда жер сатуға тыйым салуды қарастыратын заң жобасы қабылданды, деп хабарлады paryz.kz.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңнамалық бастамасы тәртібімен енгізілді. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты - шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ ауылшаруашылығының халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарына жеке меншік құқығы негізінде және уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскелеріне иелік етуге тыйым салу болып табылады", - деді депутат Ерлан Барлыбаев, пленарлық отырыста.

Осы орайда ол Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің осы заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын екенін баса айтты.

Еске сала кетсек, ақпан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге Қазақстандағы ауылшаруашылық жерлерін сатып алуға немесе жалға алуға шұғыл тыйым салу туралы бұйрық берген болатын.

"Жер мәселесі халқымыз үшін әрқашан өте маңызды болған. Ол - біздің мемлекеттілігіміздің берік негізі және қасиетті белгісі. Мен қазақстандық жер шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл проблема төңірегіндегі алып-қашпа сөздерді тыю керек", - деді ол, Ұлттық сенім кеңесінің отырысында.