Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Тоқаев Грузия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді.


Тоқаев Грузия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, оны Грузия Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады және грузин халқының өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

Президент соңғы жылдары Грузияның қарышты дамып, жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде экономикалық өсімнің 9,4 пайызды құрағанын атап өтті. Мемлекет басшысы қазақ-грузин қарым-қатынастарының қарқынын жоғары бағалады.

Президенттің айтуынша, Грузия Қазақстанның Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі және екі елді өзара достық пен тығыз тарихи тамырластық байланыстырады.

– Қазақстан мен Грузия түрлі деңгейде, атап айтқанда, парламенттер, үкіметтік және мемлекеттік органдар арасында тиімді ынтымақтастық орнатқан, – деді Мемлекет басшысы.