Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Түркістан облысында Сауран атты жаңа аудан құрылды

Жергілікті халық Сауран ауданын құру туралы бастаманы бірауыздан қолдаған.

Түркістан облысында Сауран атты жаңа аудан құрылды
фото: otyrar.kz

Түркістан облысында жаңадан тағы бір аудан – Сауран ауданы құрылды. президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады paryz.kz, Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Сауран ауданының әкімшілік орталығы – Шорнақ ауылы болады. Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері шығарылып, Сауран ауданына өтеді.

Тағы оқи отырыңыз: Түркістанда 35 млн долларға салынған стадион шалшыққа айналды (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, биылғы 19 ақпанда халық алдында есеп берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде жаңа Сауран ауданын құру туралы президентке ұсыныс берілгенін мәлім еткен еді. Бұл ұсынысты өңір басшысы алдымен өткен жылдың соңында Кентау қаласы мен оның ауылдық округтерінің тұрғындарына жеткізген болатын. Жергілікті халық Сауран ауданын құру туралы бастаманы бірауыздан қолдаған.