Назарбаев Горбачевті туған күнімен құттықтады

Құттықтаулар 3 наурызда Ресейдегі ҚР Елшілігінің Instagram парақшасында пайда болды.

Назарбаев Горбачевті туған күнімен құттықтады
фото: sputnik.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-ның соңғы көшбасшысы Михаил Горбачевты 90 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлады paryz.kz

Саясаткерге арналған жылы сөздер мерейтойдың өзінде емес, келесі күні жарияланған. Құттықтаулар 3 наурызда Ресейдегі ҚР Елшілігінің Instagram парақшасында пайда болды.

Елбасы құттықтауында Горбачевпен арадағы достық және сенімді қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын мәлімдеген. Сондай-ақ зор денсаулық, ұзақ өмір тілеген.