Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Азық-түлік бағасы: Сұлтанов әкімдерді емес, олардың орынбасарларын жазаламақ

"Отандық өндірушілермен келісімшарттарды "қолмен басқару" режимінде жүргізе отырып, желілерге арзандатылған кредиттерді 50 млрд теңгеге дейін ұлғайту керек", - дейді ол.

Азық-түлік бағасы: Сұлтанов әкімдерді емес, олардың орынбасарларын жазаламақ
фото: ашық дереккөз

Азық-түлік бағасын тұрақтындыра алмаған әкім орынбасарларын жауапкершілікке тарту қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру бойынша өңірлердің жауапкершілігін атап өткен жөн. Олардың жұмысын талдау қорытындылары бойынша министрлік 1-тоқсанда атқарылған жұмыс туралы ақпарат енгізеді және шаралардың нақты нәтижелері болмаған жағдайда біз әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларын жауапкершілікке тарту туралы мәселеге бастамашы боламыз", - деді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, азық-түлік бағасын тұрақтандыруда нарықтың форвардтық сатып алу және "айналым схемасы" сынды құралдары тиімділігін көрсетіп отыр. Қазір жергілікті бюджеттерден аталған құралдарға 21,9 млрд теңге бөлінген.

"Тетік тиімді, дегенмен нарыққа айтарлықтай әсер ету үшін қаржыландыруды кеңейту қажет. Отандық өндірушілермен келісімшарттарды "қолмен басқару" режимінде жүргізе отырып, желілерге арзандатылған кредиттерді 50 млрд теңгеге дейін ұлғайту керек", - деді министр.