Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Жапония премьер-министрі Астанаға келмейтін болды

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида елдегі жойқын жер сілкінісі салдарынан Астана сапарынан бас тартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Жапония премьер-министрі Астанаға келмейтін болды
фото: nikkey

The Japan Times порталының мәліметінше, Кюсю аралының ауданындағы жер сілкінісі салдарынан Жапонияның премьер-министрі Астанаға жоспарланған сапарынан бас тартуға мәжбүр болды.

Себебі елді мекендегі жер сілкінісінің магнитудасы 7,2-ге жеткен. Кишида өзінің шешімін бүгін жария етті.

Жалпы Жапония премьер-министрі алдымен Қазақстанға, сосын Өзбекстан мен Моңғолияға барады деп жоспарланған еді. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланды. 

Бүгін Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммиті өтеді.

Ал 10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған болатын.