"Лақтырып кеткен" Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келетін болды

Қырғызстанның жаңа президентінің Қазақстанға сапары сайлаудан кейін бірден жоспарланған еді. Бірақ президентікке сайланғаннан кейін Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады.

"Лақтырып кеткен" Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келетін болды
фото: abai.kz

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 наурызда Нұр-Сұлтанға келеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Шағын және кең құрамдағы келіссөздер барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады деп көзделіп отыр. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болады", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшылары Орталық Азия, ЕАЭО мен өзге де құрылымдарда интеграциялық процестерді дамыту, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімге қол қойылмақ.

Тағы оқи отырыңыз: Алғашқы сапарын Қазақстаннан бастамақ болған Жапаров Тоқаевты "лақтырып кетті"

Айта кетсек, Қырғызстанның жаңа президентінің Қазақстанға сапары сайлаудан кейін бірден жоспарланған еді. Бірақ президентікке сайланғаннан кейін Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады.