Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Ол жылай береді»: Белгілі дәрігер Мәсімовтің анасының қазіргі жағдайы туралы айтты

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова ADAL Adam Youtube арнасына берген сұхбатында мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сотталған ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің анасы баласының басына түскен жағдайды қалай қабылдағанын айтты. 

«Ол жылай береді»: Белгілі дәрігер Мәсімовтің анасының қазіргі жағдайы туралы айтты
Кадр из видео

«Ол туралы сұрамаймын да. Ол кісі (Элеонора Мәсімова) қазір жылай береді. Болды, басқа түк те демейді. Бұрын да өздері айтпаса баласы туралы мен сұрамайтынмын. Негізі звондап тұрады. Туған күнінде, мерекелерде ұлым (Кәрім Мәсімов) келіп кетті, гүл, сыйлық әкеп берді деп өзі айтатын. Ал мен Кәрім ұсталғанда анасын аядым. Әкем ол кезде тірі болатын. Әкем «қартайған кезде осындайды басқа бермесін», «басқасына не болса о болсын, анасына обал болды-ау, осындай қиыншылық бермесін» деп айтты», - деді Арай Төлемісова.

Оның айтуынша, қазір Мәсімовтің анасы Элеонора Кәрімқызы Қазақстанда тұрмайды, шетелде.

«Ол кісі жолдасы Қажымқан аға дүниеден өткеннен жалғыз тұра алмаған сияқты, содан кейін шетелге кетіп қалды. Қазір Қазақстанда емес, шетелде. Бұрын Кореяда, Дубайда болды. Қазір басқа жақта. Ал дәрісін мен жіберіп тұрам, қайда жібер десе сонда жіберем. Тек телефонмен сөйлесіп тұрамыз. Бір рет Дубайда, бір рет Грузияда кездестік, болды. Бірақ қазір ол кісі қайда екенін айтпай-ақ қояйын», - дейді Арай Мағауияқызы.  

Сондай-ақ А.Төлемісова Кәрім Мәсімов туралы пікір айтуға тартынып отырғанын оның анасына деген құрметпен түсіндірді.