Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Жалған ақпарат беру туралы заң жұмыс істесе, Үкіметтің жартысы сотталып кететін еді» - Ринат Заитов

Қазақстанның белгілі мемлекет және өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Ринат Заитов «Мүмкін емес/Не может быть!» YouTube арнасының студиясында қонақта болып, жүргізушінің өткір сұрақтарына жауап берді.

«Жалған ақпарат беру туралы заң жұмыс істесе, Үкіметтің жартысы сотталып кететін еді» - Ринат Заитов
Фото: Paryz.kz

Жақында Парламентте Мемлекет басшысының жариялаған  принципі бойынша «Әділетті Қазақстанды» орнатуды қашанға жоспарлап отырсыздар деп Ішкі істер министрлігіне, Бас прокуратураға, Жоғарғы сотқа ашу-ызаңызды арнапсыз. Сіздің ойыңызша Қазақстанда әлі күнге дейін «Әділетті Қазақстан» орнамағаны ма сонда деген журналисттің сұрағына Р.Заитов өз көзқарасын білдірді. 
«Мен таңғаламын, қалай бізде қажетсіз нәрселерге бар да, қарапайым халықтың қажеттіліктерін өтеп беруге ақша жоқ. Бізде жоғары жаққа, атқарушы билікке, әкімшілікке барып, шынайы заңды құқығын бұлдаған адам заң бұзады да, ал көшеде адам таптап жүретін, мемлекеттің ақшасын жейтіндер заң бұзбайды. Неге заң жұмыс істемейді?! Жалған ақпарат беру туралы заң өзінің ретінде жұмыс істесе, Үкіметтің жартысы сотталып кететін еді қазір.  
Мен қазір әлі талап етіп жатырмын. «Соға берсең шайтан да өледі» дейді. Мен үмітсіз емеспін, Құдайға шүкір, қазір әріптестерім де бар. Солар бар да қазақ бар деп ойлаймын өз басым. Атырауды су басқан кезде копилкасын, жинаған ақшасын «мен Атырауға берейінші» деген кішкентай балалардың оқиғасын көрген кезде, сен үміт үзбейсің келешектен. Атырауда көріп қалдық қой, келіншек екі баласымен құм үйіп, салып жүргенін. 
Сондай адамдарды көрген кезде солар үшін өмір сүргің келеді, солар үшін жұмыс істегің келеді, солар үшін алға қарай жүргің келеді. Ал жаңағыдай нәрселер өтірік емес, болып жатады. Мен де қатты таңғаламын оған. Мынау былай, мынау былай дейді, менің күлкім келеді жиналыста отырғанда. Анау күнде Қазақстан темір жолы «біз үш триллион қарызбыз» дейді. «Онда неге хоккейге бәленбай ақша бөлдіңдер?» десе, «Енді табысымыз бар ғой» дейді. Қалай түсінесің мұны? Ақылға қонбайтын нәрсе. Қарызға Үкімет жауап берсін деп тұрғаны ғой сонда. Оны халықтың ақшасынан жапқысы келеді, «Тағы да ақша бер, ақша бер» деп жаман үйреніп алған. Парламентте отырасың ғой, шақырады, телеканалдар болсын, орталық болсын, жылдың басында жұмысыңмен танысу үшін. Бәрінің айтатыны бір сөз – «Ақша жоқ бізде» дейді. Жейді ғой, желінбесе, бәріне жетеді», - деп сөзін қорытты Ринат Заитов.