Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Роман Скляр жаңа лауазымға тағайындалды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы жаңа құрылым – Ұлттық инвестициялық қызмет орталығын басқарады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Роман Скляр жаңа лауазымға тағайындалды
Фото: Үкімет

«1. Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық құру. 2. Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің құрылымы негізінде жүзеге асырады», - делінген Үкіметтің өкімінде.

Бекітілген регламентке сәйкес, орталық қызметіне жалпы басшылықты премьер-министрдің бірінші орынбасары жүзеге асырады. Бұл лауазымды қазір Роман Скляр атқарады.