Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Биылғы тасқын салдарынан 276 елді мекен су астында қалуы мүмкін

Оларды судан құтқару үшін республикалық (131,6 млрд теңге) және жергілікті (28,6 млрд теңге) бюджеттерден 160 миллиардтан астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Биылғы тасқын салдарынан 276 елді мекен су астында қалуы мүмкін
фото: ашық дереккөз

Елімізде 270 мыңнан астам тұрғыны бар 276 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Су тасқыны қаупі бар аймақта бүкіл ел бойынша 276 елді мекен бар. Бұл - оларда 270 мыңнан астам адам тұрады деген сөз. Оларды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа Жол картасы бекітілді. Оны жүзеге асыру үшін республикалық (131,6 млрд теңге) және жергілікті (28,6 млрд теңге) бюджеттерден 160 миллиардтан астам қаржы бөлу жоспарланып отыр", - деді Ильин.

Сонымен қатар, ол су тасқыны қаупі автомобиль жолдарының 482 учаскесі мен теміржолдың 673 учаскесінде бар екенін айтты.

"Бүгінде республикада су тасқынына ұшыраған автомобиль жолдарының 482 учаскесі және теміржолдардың 673 учаскесі бар. Тасымалдаулар мен көлік инфрақұрылымының бұзылуын болдырмау үшін біз Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен бірге әкімдіктер алдын-ала қорғаныс-профилактикалық шараларды қабылдауы қажет деп санаймыз", - деп толықтырды министр.