Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Байқоңырда алаяқтар "жоғалған балаларды іздейміз" деп ақша жинаған

"Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті жүргізетін барлық іздеу-құтқару шараларына қаражат мемлекеттен қаралған", - деді ТЖМ ресми өкілі.

Байқоңырда алаяқтар "жоғалған балаларды іздейміз" деп ақша жинаған
фото: facebook.com

Әлеуметтік желіде Байқоңыр қаласында жоғалған балалардың ата-анасына қаржылай көмек керек деген желеумен жалған деректер арқылы ақша жинаушылар анықталды, деп хабарлады nege.kz.

"Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті жүргізетін барлық іздеу-құтқару шараларына қаражат мемлекеттен қаралған. Сондықтан да төменде көрсетілген алаяқтардың жалған ақпараттарына сенбеулеріңізді, сонымен бірге тексерілмеген ақпараттарға алданбауларыңызды сұраймыз. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес, алаяқтық жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Еске сала кетсек, 1 ақпан күні Байқоңырда 7 жастағы екі бала жоғалып кетіп, олардың бірі өлі табылған еді. Ал кеше екінші баланы іздеу жұмыстарының жалғасып жатқандығы хабарланды.