Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Экс-министр Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды

Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Экс-министр Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Компанияның бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Бағдат Мусинге Қордың ең маңызды активтерінің бірін басқаруда үлкен табыс тілеймін. Қуанышбек Есекеевке еліміздің ең ірі телекоммуникациялық компаниясын 14 жылдан астам табысты басқарғаны үшін алғыс білдіремін. Қордың негізгі компанияларының бірі –  «Қазақтелеком» АҚ-ның дамуына бірінші басшысы ретінде қосқан үлесіңіз шексіз, – деп атап өтті Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Айта кетейік, Бағдат Мусин 2020-2024 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарды.