Тоқаев тек twitter мен instagram-да ғана "отырады"

"Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан Президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын..." - деді Берік Уәли. 

Тоқаев тек twitter мен instagram-да ғана "отырады"
фото: ашық дереккөз

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің атынан әлеуметтік желіде ашылған аккаунттарға қатысты жалған ақпарат тарағанын ескертті, деп хабарлады paryz.kz

Оның айтуына қарағанда, Тоқаев тек твиттер мен инстаграмда ғана "отырады" екен.

"Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан Президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын. Мемлекет басшысының Твиттерде @TokayevKZ және Инстаграмда @Tokayev Online деген екі ғана аккаунты бар екенін тағы да ескерткім келеді" деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.