Құжатта проблемалар мен оны шешу жолдары көрсетіледі.
Сенат норма шығармашылықты жетілдіретін заң жобасын қабылдады, деп хабарлады paryz.kz.
Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, заң жобасы заңдарды әзірлеу, қабылдау және қоғамдық талқылаулар өткізу рәсімдерін реттейді. Жаңа ережелер бойынша "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес келетін заң шығару қызметі енгізіледі. Құжатта проблемалар мен оны шешу жолдары көрсетіледі.
Министрдің айтуынша, әрбір заң жобасын кеңінен талқылап, түсіндіру жұмысы қатар жүреді. Сондай-ақ заң жобаларын дайындаған кезде ғылыми құқықтық сараптама жасалып, мамандар пікірі ескеріліп, қабылданған заңдардың тиімділігін анықтау жұмысы жүргізілмек.