Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Әзербайжан мен Арменияның шекарасында тағы атыс болды

Әзербайжан Арменияны Нахчыван бағытындағы позицияларын атқылады деп айыптаса, Ереван бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

Әзербайжан мен Арменияның шекарасында тағы атыс болды
Фото: media.az

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Армения аумағынан Нахчыван автономиялық республикасы бағытындағы позицияларына оқ атылған.

«7 сәуір күні шамамен сағат 17:15-те Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері Пашалы ауданының Сұлтанбек елді мекені бағытында орналасқан позициялардан Әзербайжан әскерінің Шахбуз ауданы Шада елді мекені бағытында Әзербайжан әскерінің Нахчыван Автономиялық Республикасы Шахбуз ауданындағы Шада елді мекеніндегі позицияларына оқ атылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде Әзербайжан Қарулы күштерінің жауап шаралары қабылданғаны атап көрсетілді.

Армения тарапы Әзербайжан позицияларын атқылағаны туралы ақпаратты жоққа шығарады.

«Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі жалған ақпарат таратуды жалғастыруда. Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің 7 сәуір күні сағат 17:15-те Армения Қарулы күштерінің бөлімшелері шекаралық аймақтың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Әзербайжан позицияларына оқ жаудырды деген хабары шындыққа жанаспайды», - делінген Армения Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, 31 наурызда Әзербайжан Арменияны байланыс шебіне әскери техника жинады деп айыптады. Ереван бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.