Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Наталья Годунова жаңа қызметке тағайындалды

Наталья Годунова "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясының тәуелсіз директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Paryz.kz "ҚТЖ"-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Наталья Годунова жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Жалғыз акционерінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып Наталья Николаевна Годунова сайланды», - деп хабарлады ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2024 жылы 1 сәуір күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылған еді. 

Наталья Николаевна Годунова 1972 жылы 24 мамырда Орал қаласында туған.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (экономист мамандығы бойынша), Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.