Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды.
Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайында президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп хабарлады Ақорда.
Сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көреді деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент – Самара тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты. Қазақстан президенті қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жылы лебіз білдірді.