Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Росатом Қазақстанға атом электр стансасын салуға дайын" - Бородавкин

Дипломат құрылыс кезінде ең озық технологиялар қолданылатынын атап өтті.

"Росатом Қазақстанға атом электр стансасын салуға дайын" - Бородавкин
фото: sputnik.kz

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин сұхбатында Ресей Федерациясы Қазақстанда жаңа атом электр стансасын салуға дайын екенін айтты, деп хабарлады paryz.kz, "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап.

Бородавкин Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық ауқымды болуы мүмкін, бірақ әлі толық жүзеге асырылмаған 5 негізгі бағыт туралы айтты. Дипломат үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар, жастар мен ардагерлер одақтары, еріктілер қозғалыстары, сондай-ақ, БАҚ пен блог жүргізу саласы арасындағы байланысты нығайту бағыттарын атады.

Коронавирустық пандемияға байланысты инвестициялық және сауда шығындарын өтеу, ЕАЭО-ның барлық елдері үшін цифрландыру саласындағы интеграция, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық, таза энергия мәселесі де сөз болды.

Энергетика туралы айта отырып, елші Қазақстанға әлемдегі басқа мемлекеттер сияқты таза энергия қажет екенін атап өткен.

"Осы саладағы ең тиімді шешімдердің бірі - атом электр стансалары. Электр энергиясының болжамды жетіспеушілігін ескере отырып, атом электр стансасының құрылысы Қазақстан үшін айрықша өзекті тақырыпқа айналуда. Росатом зауыттың қауіпсіздігі мен қоршаған орта тазалығына кепілдік бере отырып, бұл жобаны қолға алуға дайын", - деді Бородавкин.

Дипломат құрылыс кезінде ең озық технологиялар қолданылатынын атап өтті. Айтуынша, АЭС жобасы таза энергиядан басқа, Қазақстан экономикасының көптеген саласына серпін береді, білікті жұмыс орындарын ашады және ядролық физика бойынша жоғары білім сапасын арттырады.