Белгілі педагог Ербол Іргебай қайтыс болды

Ол білімді ұстаз, ұлт жанашыры, 30 жылдан астам уақыт бойы шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық еткен.

Белгілі педагог Ербол Іргебай қайтыс болды
фото: ашық дереккөз

Бүгін Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайының бұрынғы директоры, белгілі ұстаз, қайымтанушы Ербол Іргебай көз жұмды, деп хабарлады paryz.kz.

Ол - ШҚО Үржар ауданының тумасы. Білімді ұстаз, ұлт жанашыры, 30 жылдан астам уақыт бойы шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық еткен. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының №90 мектеп-гимназиясының директоры қызметерін атқарған және Қайым Мұхамедхановтың шығармалар жинағының 10-томдығын құрастырған.