Атырауда төбелес кезінде ер адам көз жұмды

Атырауда төбелес кезінде ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Paryz «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Атырауда төбелес кезінде ер адам көз жұмды
Фото: видеодан скриншот

Белгілі болғандай, төбелес 1983 жылы және 1994 жылы туған ер адамдар арасында болған. Салдарынан 1994 жылы туған жігіт қайтыс болды.

Қазір оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.