Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

"Серьезный вызов...": Ресей депутаты Қазақстаннан айырылып қаламыз деп қорқады

Ол, сондай-ақ, АҚШ енді Белоруссияға, Өзбекстанға, Арменияға және Қазақстанға назар аударады дегенді айтқан.

"Серьезный вызов...": Ресей депутаты Қазақстаннан айырылып қаламыз деп қорқады
фото: РИА Новости

Ресей сенаторы Алексей Пушков «Вечерняя Москва» газетіне берген сұхбатында Джо Байденнің президенттігі тұсында АҚШ посткеңестік республикалар үшін күресін күшейтетінін айтты, деп хабарлады paryz.kz, lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Америка қазір посткеңестік республикаларды Ресейден бөліп алып, ажыратуға бағытталған жұмыстар жүргізіп жатыр-мыс.

"Посткеңестік кеңістіктегі бәсекелестік күшейіп келеді. Егер бұл Трамп үшін онша қызығушылық тудырмаса, онда Байден әкімшілігі посткеңестік республикаларды Ресейден бөліп тастауға бағытталған Американың күш-жігеріне бәс тігіп жатқан көрінеді", - деді ол.

Ол сондай-ақ, АҚШ енді Белоруссияға, Өзбекстанға, Арменияға және Қазақстанға назар аударады дегенді айтқан.

"Олар АҚШ-тың назарында болады. Тіпті, Киевпен әскери ынтымақтастық күшеюі, АҚШ-тан қару-жарақ пен техника алуы және Украина аумағында АҚШ-тың әскери базасы орналастырылуы мүмкін. Вашингтон мен Киев батыс әскери құрылымдары бойынша күш біріктіруі ғажап емес. Сол арқылы оны НАТО-ның бейресми мүшесі етуі де мүмкін. 

Байденнің кезінде АҚШ Ресеймен бәсекелестікті посткеңестік кеңістікте жүргізуі АҚШ-пен қарым-қатынасты нашарлатудың жаңа факторына айналуы мүмкін. Сондықтан, біз де соған қарай жұмыс жасауымыз керек", - депті.