Бағдарламаның "Южный Казахстан. Орёл и Решка. Чудеса света" және "Западный Казахстан. Орёл и Решка. Чудеса света" түсірілімдері шыққан...
Танымдық бағыттағы украиндық "Орел и Решка" телешоуына Қазақстан туризмі туралы хабар түсіргені үшін 893 миллион теңге төленгені белгілі болды, деп хабарлады paryz.kz, PROTENGE телеграм-арнасына сілтеме жасап.
2020 жылғы 8 желтоқсанда және 2021 жылғы 2 қаңтарда бағдарламаның "Южный Казахстан. Орёл и Решка. Чудеса света" және "Западный Казахстан. Орёл и Решка. Чудеса света" түсірілімдері шыққан. Телеграм-арнада бұл бағдарламаны түсіруге ұйымдастырушылардың Қазақстанға Kazakh Tourism миссиясы бойынша ақшаға келгені жазылады.
"Туризм комитетінің сайтында "Алматы және Маңғыстау облыстарында "Орел и Решка. Чудеса света" атты екі шығарылым ұйымдастырылғаны анық жазылған. 2020 жылғы шығын бойынша екжей-тегжейлі есеп жоқ. Есесіне жалпы (жобаны) ілгерілету мен цифрландыру бағасы 893 млн теңге немесе 2 миллион доллар екенін көруге болады", - делінген жазбада.