Мәскеуде Назарбаев Путинмен кездесті - БАҚ

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев демалыс күндері Мәскеу қаласына барып, Ресей президенті Владимир Путинмен оңаша кездесті.

Мәскеуде Назарбаев Путинмен кездесті - БАҚ
Фото: Kremlin Pool

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты. Ақпаратты ТАСС агенттігі хабарлады.

Песков Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге қандай мақсатта барғанын ашып айтпады.

Иә, ол (Назарбаев, - ред.) Мәскеуде болды. Ол президентпен оңашада кездесті. Бұл рас ақпарат, – деді ол.

Бұған дейін Путин мен Назарбаевтың бейресми кездесуі 19 желтоқсанда болатыны туралы ақпарат тараған еді.