Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Бұрынғы премьер-министр ҰҚК тергеу изоляторына қамалды

Былтыр қазан айында қаржы полициясы коронавирус індеті кезінде шетелден келген гуманитарлық көмекті үлестіру ісі аясында одан сұрақ-жауап алған...

Бұрынғы премьер-министр ҰҚК тергеу изоляторына қамалды
фото: дереккөз

Бішкектің Первомай аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевке бұлтартпас шарасын қолдану туралы өтінішті қарап, оны 2 айға қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлады paryz.kz, Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Мухаммедкалый Абылгазиев "Жемқорлық" және "Заңсыз баю" баптары бойынша қылмыстық істе күдікті ретінде танылған. Былтыр қазан айында қаржы полициясы коронавирус індеті кезінде шетелден келген гуманитарлық көмекті үлестіру ісі аясында одан сұрақ-жауап алған. Тергеуден кейін ол Үкімет жетекшісі болып тұрған кезде заң бұзбағанын айтқан.

Айта кетсек, Мухаммедкалый Абылгазиев министрлер кабинетін 2018 жылдың 20 сәуірінен бастап, 2020 жылдың маусымына дейін басқарған. Былтыр "радиожиілікті заңсыз сату ісі" бойынша дау туындаған шақта қызметінен кеткен.

Үкіметтің бұрынғы жетекшісінің адвокаты Данияр Эркимбаев сот шешімімен келіспейтінін айтып, шешімді апелляцияға беретінін хабарлады.