Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ұжымы жемқорлыққа батқан Сәпиев декреттік демалыстан оралды

Серік Сәпиев ұзақ мерзімді демалысқа шығамын дегенде халық оның шешімін орынбасарларының ұсталуымен байланыстырған болатын...

Ұжымы жемқорлыққа батқан Сәпиев декреттік демалыстан оралды
ашық дереккөз

2020 жылы мамырдың соңында Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің бұрынғы және жаңа орынбасарлары сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен тұтқындалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Олар Риддер қаласындағы олимпиадалық резерв бойынша республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінің 300 орындық оқу корпусының құрылысы кезінде 380,8 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталды, деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Күдіктілер нақты жұмыстар атқарылмаса да, ол ақшаны мердігердің есепшотына аудара салған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік шенеуніктерді ұстау операциясының видеосын да жариялаған болатын.

Серік Сәпиев ұзақ мерзімді демалысқа шығамын дегенде халық оның шешімін орынбасарларының ұсталуымен байланыстырған болатын. Алайда комитет басшысы бұл алып-қашпа әңгімені жоққа шығарды. Ал Серік Сәпиев Sputnik Қазақстан тілшісіне тексеріске өзім бастамашы болдым деп сұхбат берді.

"Мен соттан кейін бәрін егжей-тегжейлі түсіндірейін деп едім. Әлі шешім шықпағандықтан, ештеңе айтпай-ақ қояйын деп ойладым. Тергеуге кедергі жасағым келмейді. Бірақ менде барлық ақпарат бар. Сондықтан менің демалысқа шығуым "соққыдан қашудың амалы" емес екенін дәлелдеп бере аламын. Демалысқа отбасы жағдайына байланысты шықтым",- дейді ол.

Айтуынша, ол өткен жылы тамыз айында төртінші баласы дүниеге келгенде жұмысты орынбасарларына тапсырып, ресми түрде демалысқа шыққан.

"Мен жан-жақты ойланып, бәрін таразыладым. Ол кезде үлкен шаралар да болған жоқ. Балаға қарадым. Оған қоса, әкемнің жағдайы нашарлап кетті. Отбасымызда қиын жағдай (2020 жылы қазан айында Жұманғали Дәуітұлы Сәпиев өмірден озды). Бірақ қарап жатпай, аймақтарға барып, спортты дамыту жобаларымен айналыстым",- дейді Серік Сәпиев.