Астанаға Путин ресми сапармен келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қарашада Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда. 

Астанаға Путин ресми сапармен келеді
Фото: © Sputnik / Алексей Никольский

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.