Парламент депутаттарының биыл қанша айлық алатыны белгілі болды

2019 жылы Мәжіліс депутаттарының жалақысы 684 874 теңге болған және бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылатын...

Парламент депутаттарының биыл қанша айлық алатыны белгілі болды
фото: ашық дереккөз

Бүгін Парламенттің қос Палатасындағы депутаттардың жалақысы белгілі болды, деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бақсармасы ҚР заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 550 мыңнан 800 мың теңгеге дейін түрленетіндігін хабарлайды", - делінген Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берілген жауапта.

Айта кетейік, 2019 жылы Мәжіліс депутаттарының жалақысы 684 874 теңге болған және бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылатын.