Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Тоқаев мырза, мынандайларды қайдан табасыз?": алдындағы антты министр де оқи алмай тұр

Орыстілді ортада өскен оның ана тіліндегі мына мәтінді оқуға қанша күн дайындалғанын кім білсін, әйтеуір, "қабырғасын қақыратып, омыртқасын омырып бергенін" көріп отырсыздар...

"Тоқаев мырза, мынандайларды қайдан табасыз?": алдындағы антты министр де оқи алмай тұр
фото: inbusiness.kz

Facebook желісіндегі Online Qazaqstan тобына Ұлттық экономиканың "су жаңа" министрі Әсет Ерғалиевтің онлайн форматта ант беріп тұрған видеосы жарияланды, деп жазды paryz.kz.

"Су жаңа экономика министрі Сіздерге ант берді. Қазақшасын бағалап жіберейік, ағайын!" - деп жазылған онда.

Ал білдей бір министр кешегі Мәжіліс депутаттарына ұқсап, алдындағы 4-5 сөйлем дайын мәтінді оқи алмай, ежіктеп әлек.

"Қазақстан Республикасының экономикалық жане рухани даму ісіне барлық білімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-арекетымде заңдалық пен аділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге өз елымның мемлекеттілігі... мен дүниежүзілігін, қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін... Ант етемін!" - деп ыңқ-мыңқ етті де қалды Ерғалиев.

Ал сол видеоның сілтемесін көшіріп алған Азамат Көшенов есімді желі белсендісі өз парақшасында:

"Тоқаев мырза, мынандайларды қайдан табасыз? Оқи да алмайды, экономиканы қалай көтермек?" - деп президенттің "мемлекеттік тілде міңгірлеп, шеттілінде шүлдірлеп" жүрген командасын бетіне шіркеу етті.

Тағы оқи отырыңыз: "Каша қылып жібердіңдер...": Жандарбек Бұлғақов жаңа депутаттарды "сойып салды" (ВИДЕО)

Айта кетсек, Әсет Ерғалиев 1986 жылы 18 маусымда Қостанай қаласында дүниеге келген. Ал орыстілді ортада өскен оның ана тіліндегі мына мәтінді оқуға қанша күн дайындалғанын кім білсін, әйтеуір, "қабырғасын қақыратып, омыртқасын омырып бергенін" көріп отырсыздар...