Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Мәжілістен орны босаған депутат газет редакторының орынбасары болды

Ол 1990-1992 жылдары "Социалистік Қазақстан" газетінің Көкшетау облысы бойынша меншікті тілшісі болған...

Мәжілістен орны босаған депутат газет редакторының орынбасары болды
фото: egemen.kz

Бұған дейін Мәжіліс депутаты болған Кәрібай Мұсырман "Egemen Qazaqstan" газеті бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады paryz.kz.

Ол 1957 жылы бұрынғы Көкшетау, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты Дәуқара ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

Содан 1973-2016 жылдар аралығында бірнеше БАҚ-та тілшілік, басшылық қызметтер атқарған. 2016 жылғы 24 наурыздан 2021 жылға дейін VІ шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды.

Бұл ретте экс-депутатқа қазіргі қызмет орны да таңсық емес. Өйткені ол 1990-1992 жылдары "Социалистік Қазақстан" газетінің Көкшетау облысы бойынша меншікті тілшісі болған.

Сондай-ақ бүгін "Egemen Qazaqstan" газетінің бас редакторы болып белгілі журналист Ғабит Мүсіреп тағайындалды.