Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жанболат Мамай 4-5 жақтасымен тағы да билікке қарсы шара өткізді (ВИДЕО)

"Парламентте отырғандар – қылмыскерлер. Себебі олар Парламентті заңсыз басып алды. Оларды ешкім сайлаған жоқ", - деді ол.

Жанболат Мамай 4-5 жақтасымен тағы да билікке қарсы шара өткізді (ВИДЕО)
фото: holanews.kz

Бүгін Парламенттің жаңа құрамының алғашқы отырысы басталғанда Алматыда "Демократиялық партия" құру бойынша бастамашыл топтың жетекшісі, оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай қарсылық шарасын өткізді, деп хабарлады paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыдағы орталық алаңға қолына "Заңсыз Парламет таратылсын" деген жазуы бар плакат ұстап шыққан оппозиция белсендісі бұл шарасын жаңадан жасақталған Парламентке қарсылығын білдіру үшін ұйымдастырғанын айтты. Оның сөзінше, 10 қаңтар күні өткен Парламент сайлауы легитимді емес.

"Парламентті легитимді емес деп есептеймін. Парламентте отырғандар – қылмыскерлер. Себебі олар Парламентті заңсыз басып алды. Оларды ешкім сайлаған жоқ... Сондықтан бұл Парламенттің қабылдаған заңдары, шығарған шешімдері заңсыз болады", – деді Жанболат Мамай.

Сонымен қатар ол Қазақстанда өткен сайлаулардың бәрі әділетсіз болғанын айтып, оған елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ол құрған билік жүйесін айыптады. Осы орайда полиция Жанболат Мамай мен оның жақтастарын сырттай бақылап тұрды, бірақ ұстамады. Ал әкімдік өкілдері шараның "заңсыз" екенін ескертіп жатқанда, Мамайдың жақтастары оларды сөйлетпей қойды.

Билікті сынап, Республика алаңында шамамен жарты сағаттай тұрған Мамай мен оның жақтастары Назарбаев көшесімен төмен қарай жүріп, Абай даңғылына дейін шерулетіп барып тарқады. Олар шерулетіп бара жатып, "Диктатор Назарбаев кетсін!", "Назарбаевтар әулетімен кетсін", "Заңсыз Парламент таратылсын" деп ұрандатты.