Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Жансая Әбдімәлікке осы депутаттықтың не керегі бар еді?!." - журналист

"Жансаяны осы қадамға итермелеген үлкендер, не ойлағандарың бар? Қазақта депутат жетеді, шахматшы жетпейді..." - деп шырылдады Абай Балажан.

"Жансая Әбдімәлікке осы депутаттықтың не керегі бар еді?!." - журналист
фото: turkystan.kz

Белгілі журналист Абай Балажан Facebook-тегі парақшасында қазақтың шахматшы қызы Жансая Әбдімәліктің Алматы қалалық мәслихатының депутаты болғанына пікір білдірді, деп жазды paryz.kz.

"Басқа - басқа, Жансая Әбдімәлікке осы депутаттықтың не керегі бар еді?! Бар болғаны 21 жаста. Депутат болып, залда отыратын кезі емес, жарыстарда жарқылдап нәтижелер көрсетіп жүретін кезі емес пе?! Қазақ еліне депутат Жансая Әбдімәліктен гөрі, шахматшы Жансая Әбдімәлік көбірек керек еді ғой. Жансаяны осы қадамға итермелеген үлкендер, не ойлағандарың бар? Қазақта депутат жетеді, шахматшы жетпейді! Гүлісханды мемлекеттік қызметке байлап қойдық, Жансаяны депкорпусқа қуып тықтық. Енді Динара мен Бибісараға портфель беріп, спорттан алыстатсақ, сонымен қазақ елінің шахматтағы ұлы арманын тағы да біраз уақытқа шегере тұрамыз ба? Құдай кешірсін, мына депутаттардың арасында кімдер жоқ?! Жансая, кешір, балам, мен сені ол ортадан көргім келмейді! Жанашырлық деп қабылдарсың", - деп ағалық ақылын айтты ол.

Алайда Жансаямыз әкімдікте бос тұрған орынтағына барып жайғасып алды. Бұл ретте, заң шығарушы орган мен жергілікті әкімдіктерге өз саласында ғана сәл аты шыққан спортшылар мен әншілерді апарып "қонжита салуды" әдетке айналдырған мемлекеттік биліктегілердің өздеріне де біраз өзгеріс керек-ау...