Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қызметкерлері жемқорлықпен ұсталған 14 шенеунік отставкаға кетуі тиіс

"Ал мемлекет басшысы отставканы қыбалдау-қабылдамауды өзі шешеді", - деді агенттік төрағасы.

Қызметкерлері жемқорлықпен ұсталған 14 шенеунік отставкаға кетуі тиіс
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев "Астана – адалдық алаңы" жобасы аясында өткен журналистермен кездесуде қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық қылмысына байланысты отставкаға кетуі тиіс шенеуніктер туралы айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Заң талабына сәйкес, жауапкершілігі бойынша мониторингте 14-і тұр. Егер олар саяси қызметкер болса, басшылары отставкаға кетуі керек. Міндетті түрде! Ал мемлекет басшысы отставканы қыбалдау-қабылдамауды өзі шешеді", - деді агенттік төрағасы.

Бұған дейін отставкаға кетуі мүмкін 14 саяси қызметкер туралы Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов былтырғы қазан айында айтқан болатын.