"Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістегі партия фракциясының отырысына қатысты. Сол сәтте ол болашақ премьер-министрдің кандидатурасына қатысты сөз қозғады, деп хабарлады paryz.kz.
"Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындықтарға қарамастан, Үкімет өз жұмысын қалтқысыз атқара алды. Барлық басқа елдермен салыстырғанда біздің нәтижелер - жалпы жаман емес. Егер Президент Асқар Ұзақпайұлының кандидатурасын ұсынып жатса, онда мен фракциядан оны қолдауларын сұраймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.