Сайлау: жеңілген ADAL жеңген Nur Otan-ды алдын ала құттықтап қойған

Exit poll жариялаған нәтижеге сәйкес, Парламент Мәжілісіне Nur Otan, Қазақстан Халық партиясы, "Ақ жол" үшеуі өткен болатын...

 

Сайлау: жеңілген ADAL жеңген Nur Otan-ды алдын ала құттықтап қойған
фото: 24.kz

ADAL саяси партиясының төрағасы exit poll нәтижелеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Bugin.kz.

Серік Сұлтанғали өз сөзінде Мәжіліс депутаттығына ұсынылған үміткерлерге, дауыс берген сайлаушыларға алғыс айтты. Әрі ол сайлауалды жұмыстарының бұдан кейін де жалғасатынын жеткізді.

"Бұл тек қана сайлау үшін емес, халықтың алдында берген уәделерді қалай орындау керек, соның жолымен жүреді. Бұл өте керек нәрсе. Exit poll-дың алғашқы нәтижелері бойынша Nur Otan партиясы алда келе жатыр. Сондықтан өз басым Nur Otan партиясын құттықтаймын", - деді ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали.

Exit poll жариялаған нәтижеге сәйкес, Парламент Мәжілісіне Nur Otan, Қазақстан Халық партиясы, "Ақ жол" үшеуі өткен болатын.

Айта кетсек, жеңген Nur Otan партиясы - 71,97 пайыз дауыс, ал жеңілген ADAL саяси партиясы - 3,07 пайыз дауыс жинаған еді.