Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Ұялмаймын...": Владимир Божко жұмыстан кететінін мәлімдеді

"Ешкім ұйықтамады, барлығы қауырт жұмыс істеді..." - деді Божко.

"Ұялмаймын...": Владимир Божко жұмыстан кететінін мәлімдеді
фото: ашық дереккөз

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко жаңа шақырылымда бұл қызметті атқармайтынын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Рақмет. Мен тіпті Facebook-те де жарияладым. Болды, мырзалар, тынышталыңыздар. Кейбіреулер мені зейнетке шығарғысы келетін. Мен кетемін", - деді Божко.

Алайда болашақта қандай іспен айналысатынын шешпегенін айтты.

"Жеті немерем бар, сондықтан істейтін жұмыс бар", - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ ол президентке және Парламент басшылығына заң шығару процесінде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

"Себебі менің жасымда... Ең бастысы, мен мұнда бай тәжірибе жинадым. Бұған дейін де заң шығару процесінде қызмет еттім, бірақ бұл жерде, әрине, барлығына қажет теңдессіз тәжірибе бар. Ол тәжірибе маған әлі де көмектеседі. Сондай-ақ, мен Мәжілісті басқарудың өте тиімді процесінде қызмет еттім, ал оны Нұрлан Зайроллаұлы басқарды. Ол бұл салада біздің академик. Ешкім ұйықтамады, барлығы қауырт жұмыс істеді", - деді Божко.

Айтуынша, 2019-2020 жылдары әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейтетін көптеген заң қабылданды.

"Екіншіден, қабылданған заңдарға сәйкес азаматтарға 2 триллионға жуық теңге жалақы және әлеуметтік жәрдемақы берілді. Мен қиналсам да, 5 жыл жұмыс істегеніме ұялмаймын", - деп түйіндеді ол сөзін.

2016 жылы өткен Парламент сайлауында Владимир Божко Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің атынан VI шақырылымның депутаты болып сайланды. Ол Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, 2021 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар үшін дауыс беру басталды. Ал ҚХА төрағасы – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.