Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Тоқаев Үкіметтің отставкаға кетуі тиіс екенін мәлімдеді

"Премьер-министрдің, Үкімет мүшелерінің де кандидатуралары бойынша кеңесу үшін Парламентке барамын", - деді ол.

Тоқаев Үкіметтің отставкаға кетуі тиіс екенін мәлімдеді
фото: sputniknews.kz

Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс бергеннен кейін сөйлеген сөзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің отставкаға кетуі керектігін мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Біздің заңнамаға сәйкес, Үкімет отставкаға кетуі тиіс. Сайлау аяқталғаннан кейін мен депутаттардың жаңа құрамы алдында фракция жетекшілерімен кеңесіп, премьер-министрдің, Үкімет мүшелерінің де кандидатуралары бойынша кеңесу үшін Парламентке барамын", - деді ол.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы алдында сөз алып, үндеу жасайтынын айтқан болатын.