Еске сала кетейік, қазақстандықтар бұған дейін "Штрихи к портрету" жобасының 2 бөлімін тамашалай алған еді.
8 января в 21:45 в эфире телеканала «Хабар» выйдет продолжение документального проекта «Штрихи к портрету». В третьей серии фильма будет меньше вопросов о политике, больше о личном и ранее неизвестном pic.twitter.com/zlVMN9rGCm
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) January 7, 2021
Ертең "Хабар" телеарнасы "Штрихи к портрету" деректі фильмі жобасының жалғасын көрсетеді. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлады paryz.kz.
Елбасының баспасөз хатшысы деректі фильмнің үшінші бөлімінің тизерін жариялады.
"8 қаңтарда 21.45-те "Хабар" телеарнасының эфирінде "Штрихи к портрету" деректі жобасының жалғасы шығады. Фильмнің үшінші бөлімінде саясатқа қатысты сұрақтар аз болады. Жеке өмірі мен бұған дейін белгісіз болған жайттар туралы көбірек сөз қозғалмақ", - деп жазды ол.
Елбасы бала күнінде ұшқыш және моряк болғысы келгенін айтады. Сондай-ақ кешірімді болу, мейірімді болу, адамдарға көмектесу төңірегінде әңгіме өрбітеді. Сол секілді елбасы "осы немерем үшін қатты өкінемін..." дейді.
Еске сала кетсек, қазақстандықтар бұған дейін "Штрихи к портрету" жобасының 2 бөлімін тамашалай алған еді. Бірінші бөлімде Елбасы анасының қазасы туралы сөз қозғаған. Сондай-ақ, ол президент үнемі күйзелісте болатынын айтып, ағынан жарылған болатын.