Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстан шенеуніктері Apple техникаларын алуға миллиондап ақша жұмсаған

Еске сала кетсек, Өскемен әкімдігі 4 миллион теңгеге 237 мың қаламды не үшін сатып алғалы жатқанын айтқан еді...

Қазақстан шенеуніктері Apple техникаларын алуға миллиондап ақша жұмсаған
фото: matritca.kz

Қазақстандық шенеуніктер 2020 жылы Apple компаниясының қымбат гаджеттерін сатып алу үшін бюджеттен миллиондаған ақша жұмсаған. Бұған мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған ақпарат дәлел, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

Мысалы, өткен жылы Алматы облысының ішкі саясат басқармасы жалпы құны 419 мың теңгеге 3 жұп AirPods pro Bluetooth құлаққаптары мен кіріктірілген микрофонын сатып алуға конкурс жариялады. Ал осы облыстың кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы әрқайсысы 508 мың теңгеден 3 MacBook Air бизнес-ноутбук сатып алған. Яғни мемлекеттік бюджеттен 1,5 млн теңге жұмсалған.

Түркістан облысының Ордабасы ауданы әкімі аппараты 535 мың теңгеге бір MacBook сатып алған. Ақмола облысында мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жанындағы халық шығармашылығы орталығы 285 мың теңгеге 32 Gb жадылы iPad Pro 12.9 планшетін сатып алуға конкурс жариялаған.

Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту орталығы шамамен 1,4 млн теңге болатын 256 жадылы 2 жаңа iPad Pro 12.9 планшетін сатып алды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті 1 миллион теңгеге 1 MacBook Pro 13 сатып алған.

Еске сала кетсек, Өскемен әкімдігі 4 миллион теңгеге 237 мың қаламды не үшін сатып алғалы жатқанын айтқан еді. Әкімдіктің сөзінше, қаламдар алдағы сайлау үшін қажет болады екен.