Берік Уәли туған күні қарсаңында "Абай" медалімен марапатталды

Бұл сәтті adyrna.kz порталы "ұлт руханиятына сіңірген айрықша еңбегі үшін марапатталды" деп толықтыра кетіпті.

Берік Уәли туған күні қарсаңында "Абай" медалімен марапатталды

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли "Абай" мерейтойлық медалімен марапатталды. Бүгінгі туған күні қарсаңындағы бұл жаңалықты марапат иесінің өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлады paryz.kz.

"Абай атамыздың мерейтойлық медалі бізге де бұйырды" деп қысқаша жазба қалдырған ол.

Бұл сәтті adyrna.kz порталы "ұлт руханиятына сіңірген айрықша еңбегі үшін марапатталды" деп толықтыра кетіпті.

Айта кетейік, медаль президенттің баспасөз хатшысына Абай атындағы мәдениет пен өнерді қолдау халықаралық қорының, Қоғамдық кеңестің шешімімен табысталып отыр.