Мемлекет басшылары міндеттер мен халықаралық аренадағы ықпалдастық жайын талқылады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады, деп хабарлады paryz.kz, akorda.kz-ке сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің достас Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, БҰҰ Жарғысы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты бірлескен міндеттер мен халықаралық аренадағы ықпалдастық жайын талқылады.
Ильхам Әлиев Қазақстан компанияларын Таулы Қарабақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға шақырды.