Смайыловтың кандидатурасы бойынша депутаттар дауыс берді

Әлихан Смайыловтың кандидатурасы бойынша депутаттар дауыс берді деп хабарлады Paryz.kz.

Смайыловтың кандидатурасы бойынша депутаттар дауыс берді
фото: tengrinews.kz

92 депутат дауыс беріп, 1 депутат қана Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қарсы болса, бір депутат қалыс қалды. Қалғандары қолдады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылған болатын.