Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Перуашев жұртты "Ақ жолға" дауыс беруге шақырған Әбілязовқа жауап берді

ЖСДП өкілдері де экс-банкирдің әрекетін "арандату" деп бағалап, артынша алдағы Мәжіліс сайлауына бойкот жариялады.

Перуашев жұртты "Ақ жолға" дауыс беруге шақырған Әбілязовқа жауап берді
фото: dialog.kz

"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев өздерінің тәжірибелі партия екенін айтып, сайлауалды науқан барысында заңсыздықтарға бармайтынын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін экс-банкир, елімізде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әбілязов жақтастарын Nur Otan партиясына қарсылық ретінде "Ақ жол" партиясына дауыс беруге шақырған болатын. Сондай-ақ, ол жұртты Nur Otan партиясының үгіт қағаздарын жыртуға, ілініп тұрған жерінен алып тастауға үндеген.

Ал бүгін Азат Перуашев заң талаптарына сәйкес келмейтін үгіт-насихат материалдары партия тарапынан жасалып жатпағанын атап өтті.

"Кез келген сайлаушы белгілі бір партия үшін дауыс берсе, демек, ол басқа партияларға қарсы дауыс бергені ғой. "Ақ жол" партиясы 18 жылдық тәжірибесі бар, көп жылдар бойы саяси сахнада жүрген партия ретінде тек заңдық шараларды ғана жасайды әрі азаматтарды сайлауалды заңнамаға сәйкес әрекеттерді ғана істеуге шақырады. Егер сайлаушылар, болмаса, бақылаушылар заң талаптарына сәйкес келмейтін үгіт-насихат материалдарын немесе үгіт-насихат іс-шараларын көрсе, бұл "Ақ жол" партиясынікі емес екенін мәлімдеймін", - деді Азат Перуашев.

Бұған дейін Мұхтар Әбілязов жақтастарын Nur Otan-ға қарсылық ретінде ЖСДП партиясына дауыс беруге шақырған еді. ЖСДП өкілдері де экс-банкирдің әрекетін "арандату" деп бағалап, артынша алдағы Мәжіліс сайлауына бойкот жариялады.