Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Депутат Ринат Зайытов: Құттықтауларыңыз емес, тілектеріңізге мұқтажбын...

29 наурызда Парламент қабырғасында Қазақстан халқына ант берген VIII сайланған Мәжілістің жаңа депутаттарының арасында азулы айтыскер ақын Ринат Зайытов та болды, деп хабарлайды Paryz.kz, Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Депутат Ринат Зайытов: Құттықтауларыңыз емес, тілектеріңізге мұқтажбын...
Сурет: Zakon.kz

Журналистерді билікті сынағыш ақынның "Amanat" партиясынан депутаттық мандатқа ие болуы қызық болса керек, аталған отырыстан кейін дәлізге шыққан саясаткерлер арасынан оны жазбай тауып алды.

"Мен қарсы болған биліктің жартысы жоқ. Онымен келісетін шығарсыздар?! Ал қазіргі билікпен енді жұмыс істейміз. Оның нәтижесінің қандай болатынын бір Құдай біледі... Мен Қазақстанның дамуын һәм өркендеуін қолдаймын. Белгілі бір адамдарды, топтарды қолдайтындардың қатарынан емеспін. Осының аражігін ажыратып алыңыздар. Депутаттарда "мен Президентті қолдаймын, мен мына министрді қолдаймын" деген болмауы керек", – деді ол осы сауалға дайын екенін білдіріп 
Сондай-ақ Ринат Зайытов құттықтауларға емес, тілектерге мұқтаж екенін, өзіне сәттілік тілесе, одан артық бақыт жоғын жеткізді.
"Армысыздар туысқандар. Бүгін ресми Парламент Мәжілісінің депутаты атандым. Әуелі- Жаратушы, сонан соң Халықтың қолдауы. Ендігі кезекте сол сенімді ақтау керек. Бұйырса, алдағы уақытта әлеуметтік желіде әрбір қадамымды Халыққа хабарлап жасайтыным анық. Саясаттанушы-сымақтардың айтып жатқан шала болжамдары мен негізсіз айыптарына тек іспен жауап берейін! Ескерте кететін бір нәрсе бар, жаңа парламент бір күнде жаңа мемлекет орнатпайды. Сондықтан кез-келген депутатты жасаған жұмысына қарап талқылауларыңызды сұраймын. Егер бізге айтар ұсыныстарыңыз болса, түсінікті тілде жазып жолдап отырыңыздар. Құттықтауларыңыз емес, тілектеріңізге мұқтажбын. Сәттілік тілесеңіздер бақыттымын. Жан-жағыма қарасам, жалғыз емес сияқтымын. Жаратушы жар болғай!", деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.