Асхат Аймағамбетов Мәжілісте жаңа қызметке сайланды

Мәжілістегі жеті комитеттің төрағалары сайланды. Асхат Аймағамбетов мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды.

Асхат Аймағамбетов Мәжілісте жаңа қызметке сайланды
фото: Halyq Uni
  • Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетті Серік Егізбаев басқарды.
  • Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы –  Снежанна Имашева;
  • Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы –  Айгүл Құспан;
  • Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы – Мәди Такиев;
  • Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы –  Еділ Жаңбыршин;
  • Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетін Нұртай Сабильянов басқарады.

Айта кетейік, Ерлан Қошанов сегізінші шақырылымдағы Мәжіліс төрағасы болды.

Альберт Рау, Дания Еспабаева Мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланды