Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Қазақ халқы болған емес!»: Федоров екінші "шабуылында" шектен шығып кетті (ВИДЕО)

"Қазақстан астанамыз Орынбор болған дейді. Шындығында Орынбор да, Қызылорда да, Алматы да, Қазақстан да Ресейдің бір субъектісі болды", - деп соқты ол.

"Қазақ халқы болған емес!»: Федоров екінші "шабуылында" шектен шығып кетті (ВИДЕО)
фото: rucompromat.com

Бүгін журналист Асхат Қасенғали Facebook-тегі парақшасына ресейлік депутат Евгений Федоровтың Қазақстанға бағыттаған екінші «шабуылын» жариялады, деп жазды paryz.kz.

Қазақтың жерін өзімізге «көпсінген» пәлеқор шенеунік енді еліміздің Тәуелсіздігіне "күмәнмен қарап" отыр екен.

"Сұмдық ақпарат! Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Евгений Федоров екінші мәрте арандатуға көшті. Бұл жолы тіпті алысқа кетті. Шамамен былай деп отыр.

1. "Қазақстан астанамыз Орынбор болған дейді. Шындығында Орынбор да, Қызылорда да, Алматы да, Қазақстан да Ресейдің бір субъектісі болды".

2. "Қазақ халқы (нация) болған емес. Халық деген ең жоғары статуста құрылады, әлемдік соғыс негізінде".

3. "Қазақстан деген болған жоқ. 1922 жылғы негізге қарасақ, оның тіпті 1 мм де жері жоқ".

4. "Қазақстан заңсыз және уақытша мойындалған деп пайымдаймын. КСРО тарады деген нақты бірде-бір құжат жоқ" және тағысын тағылар.

Біздің зиялы қауым, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан, депутаттар мен министрлер жағынан нақты жауап болады деп ойлаймын. Мемлекет солтүстікті қазақыландыру, көшті жылдамдатуды дереу қолға алу қажет. Одан бөлек, ең маңызды дүние - ішкі идеологиялық жұмыстарды күшейту, әсіресе, тарихи фильмдер түсіру, жастар арасындағы ұлттық насихатты арттыру.

Тағы оқи отырыңыз: Шевченко РФ шенеуніктеріне Астрахан мен Орынбор қазақтікі екенін ескертті (ВИДЕО)

Видеоның толық нұсқасын пікірге қалдырдым. Толық нұсқада да небір арандатуларды айтып жатыр. Бұл бір елдің білдей депутаты!" - дейді әріптесіміз.