Тоқаев премьер-министр кандидатурасын кім ұсынатынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр кандидатурасын кім ұсынуға құқылы екенін айтты, - деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

Тоқаев премьер-министр кандидатурасын кім ұсынатынын айтты
фото: tengrinews.kz

"Мен премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл "күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасына сай келеді. Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс.

Болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн. Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ, өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады", - деді Мемлекет басшысы.