Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Аймағамбетов депутаттық пәтерді алуға қатысты сұраққа жауап берді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов депутаттық пәтерді алуға қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Аймағамбетов депутаттық пәтерді алуға қатысты сұраққа жауап берді
Фото: tengrinews.kz

Журналистер экс-министрге "депуттаттық пәтер алу ойында бар ма?" деген сұрақ қойды. 

"Бұл сұрақты күттім. Бұған қатысты Үкімет қаулысы бар. Барлығы регламенттелген. Заңда не жазылса, соны орындаймыз. Мен осында (Астанада - еск.) тұрамын. Менің көппәтерлі тұрғын үй кешенінде өз пәтерім бар. Басқа жаққа көшу жоспарда жоқ", - деді ол.