Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

"Аты – Наурыз": Тоқаевқа тазының күшігі сыйға тартылды

Мемлекет басшысы Астанада Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шарада тазы иттердің көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Аты – Наурыз": Тоқаевқа тазының күшігі сыйға тартылды
Сурет: Nur.kz

Көрме кезінде "Nomad ұлттық саятшылық" қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев президентке тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндаған. Өз кезегінде мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтқан. "Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық, кәсіби көзқарас қажет.

Сол үшін арнайы заң қабылдадық", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ көрмеде асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова президентке тазының күшігін сыйға тартқан. Күшіктің аты – Наурыз, 1,5 айлық.